{metadescription}
Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі қазақстандық студенттермен кездесті

Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі қазақстандық студенттермен кездесті

Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рютте Қазақстанға жасаған жұмыс сапары аясында Maqsut Narikbayev University студенттерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Студенттердің бірі Премьер-Министрден Қазақстан мен Нидерланды арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы сұрады.

«Егер әлеуетті ынтымақтастық туралы айтатын болсақ, онда, әрине, бұл экономикамызды әртараптандыруға, классикалық энергия көздерінен дәстүрлі емес көздерге көшуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл – Қазақстанда құрылысты бастап жатқан Philips және Heineken компаниялары туралы», - деп жауап берді Марк Рютте.

Оның айтуынша, бүгінде екі ел арасындағы талқылаудың маңызды аспектісі су ресурстарын басқару мәселесі болып табылады.

«Қазақстанға өз тарапымыздан көмектесу біз үшін үлкен мәртебе. Көмірсулар және жасыл технологиялар бағытында біз Мароккомен және басқа елдермен, соның ішінде Қазақстанмен жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті Нидерланды Премьер-Министрі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.