{metadescription}
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандап жатыр

Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандап жатыр

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 0,96 теңгеге төмендеп, 1 доллар 441,59 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 мамырға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 442,84 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 443,3 теңге.

Ал Астана қаласында сату бағасы – 439 теңге болса, сатып алу – 444 теңге.

Ресей рублі Алматыда 4,93 - 5,01теңге, Астанада 4,95-5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.