{metadescription}
Алматының екі тұрғыны ірі мөлшерде электронды темекі сатқаны үшін жазаға тартылды

Алматының екі тұрғыны ірі мөлшерде электронды темекі сатқаны үшін жазаға тартылды

Алматының екі тұрғыны бірнеше ай бойы заңсыз кәсіпкерлік қызметті, яғни вейптерді көтерме сатуды заңсыз жүзеге асырған.

Бұған дейін Алматы қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 55 мыңнан астам электрондық темекі табылған және тәркіленген сауда және қойма үй-жайлары анықталған болатын.

«Сот үкімімен Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылды, олардың біреуіне 3 450 000 теңгеден астам айыппұл түріндегі жаза, ал екіншісіне 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жаза тағайындалды», — деп жазды Қаржылық мониторинг агенттігінен.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде