{metadescription}
Есірткі сатып келген 8 сайт сот үкімімен жабылды

Есірткі сатып келген 8 сайт сот үкімімен жабылды

Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 соты есірткі таратқан интернет-ресурстардың қызметін тоқтатты.

Telegram мессенджері мен Instagram әлеуметтік желісіндегі бірқатар парақша арқылы есірткіні SMS арқылы сатып алуға болатын сайттарға сілтемелер таратылған.

Сатып алу нұсқауы бар интернет-ресурстарда олардың сипаттамасы, артықшылықтары, түрі қасиеттері көрсетілгенн. 

Сонымен қатар, есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын республика аумағында тұтынушыларға тарату мүмкіндігін ұсынған. Бұл — сатушы мен сатып алушының бір-бірін көрмей-ақ есірткіні жасырын және заңды түрде сату болып саналады.

Сот уәкілетті органның талап қоюы бойынша аталған интернет-ресурстарда ақпарат тарату заңсыз деп танып, олардың жұмысын тоқтатты.

Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.