{metadescription}
Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды

Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Маңғыстау облыстық полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметшіні ұстаған.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер өлтірген адамның басын кесіп, көміп тастаған. Тағы бір күдікті ұстатпай қашып жүр. Бұл ақпаратты полиция департаменті растады.

"Адам ұрлығы мен өлтіру деректері бойынша 2 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Сондай-ақ, қамауға алынған екі күдіктінің біреуі бұрынғы әскери қызметші.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде