{metadescription}
Алматыда ұшақ жанында темекі шеккен екі шетелдік рейстен түсірілді

Алматыда ұшақ жанында темекі шеккен екі шетелдік рейстен түсірілді

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе компаниясы өкілдерінің актісі бойынша «Алматы – Кутаиси» бағытындағы әуе рейсінің екі жолаушысын түсіріп алды.

Көлік полицейлері тексеру барысында 20 жастағы екі шетел азаматын анықтады. Олар ұшаққа отырғызу кезінде әуе кемесінің жанында темекі шеккен.

Құқық бұзушылардың әрқайсысына 15 АЕК (55 380 теңге) айыппұл салынды.

Дәл сол күні Алматы әуежайының көлік полицейлері де екі шетелдік құқық бұзушыны анықтады. 54 және 57 жастағы әйелдер «Алматы – Астана» бағытындағы әуе рейсімен ұшу кезінде дөрекілік танытып, жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Құқық бұзушы әйелдерге қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.