{metadescription}
Кувейтте өрттен 41 адам қаза тапты

Кувейтте өрттен 41 адам қаза тапты

Мангаф қаласында үй өртеніп, 41 адам көз жұмды. Олардың арасында шетелдіктер де болуы мүмкін, деп жазады Reuters.

Елдің премьер-министрінің орынбасары Фахад Юсуф Сауд аль-Сабах ғимарат иелері қауіпсіздік шараларын сақтамағанын айтты.

«Бұл жағдай ғимарат иелерінің сараңдығының кесірінен болып отыр. Олар қаражат үнемдеп, тиісті талаптардың бірін де орындамаған», — дейді шейх. 

Қызыл жалын бүгін таңсәріде тұтанған. Елдің күш құрылымдары ондаған адамның жарақат алғанын айтады. 

«Ол ғимаратта жұмысшылар тұрып жатқан еді. Өрт басталғанда оқиға орнына жетіп, жүздеген адамды құтқардық. Өкінішке қарай, көбі түтінге тұншығып, тірідей өртенді», — дейді генерал-майор Ид Рашед Хамад. 

Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.