{metadescription}
Көлік ішінде есірткі қолданбақ болған қызылордалық тұрғын ұсталды

Көлік ішінде есірткі қолданбақ болған қызылордалық тұрғын ұсталды

Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиға Түркістан қаласының орталық көшелерінің бірінде болды. Көлік ішінде отырған ер адамның темекі ретінде белгісіз шөпті әзірлеп жатқаны бейнекамераға түсіп қалған, деп жазады kazinform.

Күдікті әрекетті байқаған полиция қызметкерлері көлікті тексеру үшін жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне бағыт берген. Оқиға орнында тексеру жүргізген полицейлер жүргізушінің «марихуана» есірткісін заңсыз сақтағанын анықтады. 

«Облыстық жедел басқару орталығының инспекторлары қоғамның тыныштығын тәулік бойы күзетіп келеді. Бейнебақылау камералары арқылы қылмыстың алдын алуда жүйелі жұмыс істеп жатыр. Мәселен, бейнекамера арқылы түнгі уақытта заңмен тыйым салынған затты қолдану дерегінің жолын кесті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады», - делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.