{metadescription}
Түнде ер адамдарға қарағанда әйелдер жиі жан тапсырады

Түнде ер адамдарға қарағанда әйелдер жиі жан тапсырады

Седарс-Синай ауруханасының (АҚШ) кенеттен жүрек тоқтауының алдын алу орталығының қызметкерлері Heart Rhythm журналында зерттеу нәтижелерін жариялады.

Мамандар әлі күнге дейін түнгі ұйқы кезінде жүрек бұлшықетінің зат алмасуы мен жиырылу жиілігі баяулап, қан қысымы төмендеп, кейде жүректің электрлік белсенділігі кенеттен бұзылып, тоқтап қалуының себебін білмейді. Бұл құбылыс әдетте өлімге әкелетіні белгілі. Оның инфаркттан айырмашылығы – денеде ешқандай ауырсыну белгілері байқалмайды. Жүректің кенеттен тоқтауы әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі екен. Десе де, түнгі уақытта әйелдердің үлесі басым.

Зерттеушілер жүректің кенеттен тоқтап қалуының төрт мыңнан астам жағдайлары туралы деректерді талдаған. Оның үш мыңнан астамы күндізгі уақытта, ал қалғандары кешкі сағат 22.00 мен таңғы 6-ға дейін болған.

Түн ортасында қайтыс болғандардың арасында ерлерге (20,6%) қарағанда әйелдер (25,4%) көп екені анықталған.

Түнде жынысына қарамастан өкпенің созылмалы обструктивті ауруы мен өкпенің демікпесіне шалдыққандар, темекі шегетіндер жиі жан тапсырған. Сонымен қатар, қайтыс болғандардың көбі миға қандай да бір түрде әсер ететін ұйықтататын дәрілер, анальгетиктер немесе антидепрессанттар сияқты тыныс алуды басуы мүмкін препараттарды қабылдаған.

Нәтижелер негізінде ғалымдар дәрігерлерге мұндай дәрі-дәрмектерді кенеттен жүрек тоқтап қалу қаупі жоғары адамдарға, әсіресе әйелдерге тағайындағанда сақтықпен қолдануға кеңес береді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.