{metadescription}
Астанада Есілді кесіп өтуге бәстескен бозбала суға кетті

Астанада Есілді кесіп өтуге бәстескен бозбала суға кетті

Досымен Есіл өзенін кесіп өтуге бәстескен 2007 жылы туған жеткіншек суға кетті. 

«12 маусымда Астанада Есіл өзенінде 2007 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Бозбалалар өзеннің бір бетінен келесі бетіне жүзіп өтуге бәстескен. Алайда оқиға соңы, өкінішке қарай, жасөспірімнің суға батуымен аяқталып отыр», - делінген Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпарында.

Елордалық құтқарушылар сағат 19:02-де жеткіншектің денесін судан алып шыққан.

Осы орайда, қалалық ТЖД тұрғындарға суға түскенде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін тағы бір ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.