Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда петицияға қол жинау межесі 50 мыңнан әрі көтеріле ме
Өтінішті Үкімет қарауы үшін петицияда 50 мың қол жинау шегі көтеріле ме? Бұл сұраққа Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жауап берді.
Фото: freepik.com
16:46 13.06.2024
«Мұндай сұрақтар қоғамда қазірдің өзінде көтеріліп жатыр. Бір-бірімен келіспейтін тараптар қазірдің өзінде дауыс беру межесін және өтінішті қарайтын мемлекеттік органдардың санын ұлғайту керек деген уәж айтып отыр. Әрине, бұл ұсыныстарды қарауға мәжбүр боламыз. Біз қандай да бір мәселенің шиленіске әкелуіне жол бермеуіміз керек. Сондықтан азаматтардың пікірін тыңдау маңызды», — деді А. Балаева Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Министр кейінгі апталарда петицияны қарау үшін дауыс жинау шегін ұлғайту мәселесі көтеріліп жатқанын айтты.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram