{metadescription}
Ақтауда 200-ден астам тұрғын арзан телефон аламын деп алаяққа алданған

Ақтауда 200-ден астам тұрғын арзан телефон аламын деп алаяққа алданған

Ақтаулықтар әлеуметтік желіде аудиториясы көп белсенділердің жарнамасына сенген.

Олар арзан бағада телефон алу үшін алаяққа қаражаттарын аударған. Шығын көлемі 140 миллион теңгені құрады. 

Маңғыстау облыстық прокуратурасының мәліметінше, күдіктінің үстінен бірнеше тұрғын шағымданған. Сол себепті ол үйқамаққа алынды. 

– Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Сот үкімімен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Әлі де тергеу жалғасады. Жәбірленушілер келіп жатыр, - дейді облыстық прокурорының басқарма басшысы Данияр Төлегенов. 

Мамандардың айтуынша Маңғыстау облысында кейінгі 5 айда алаяқтық бойынша қылмыс саны 10 пайызға көбейген. Ал, аталған оқиға бойынша күдіктінің қылмысы дәлелденсе,10 жылға дейін бас бостандығынынан айрылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.