{metadescription}
Алматыда жас қыз өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды

Алматыда жас қыз өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды

Алматыда Айлуна Рахым атты жас қыз өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды. 27 жастағы қыз өз өліміне жігітті айыптап хат қалдырған.

Қайғылы жағдай туралы хабарды НеМолчи.kz қорына 27 жастағы Айлуна Рахымның құрбылары жеткізген.  

«Айлунаның ата-анасы жоқ. Ол SMM маманы болып жұмыс істеген және қамқоршы апайынан бөлек тұрған. 11 маусым кешкі сағат 7-де оның денесі табылды. Суицид жасаған қыз хат жазып қалдырған. Онда өз өліміне бір жігітті кінәлайды. Мұқият тергеу жүргізу маңызды. Бізде көп скрин және хабарлама бар, үмітсіздік, қарым-қатынаста проблемалар болғаны анық. Алматы полиция департаментінен қай бап бойынша іс ашылғанын хабарлауды сұраймыз», - делінген жазбада.

Алматы полиция департаменті ақпаратты растады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Істің өзге де мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.