{metadescription}
Атырауда ер адам бұрынғы әйелін өлтірмек болған

Атырауда ер адам бұрынғы әйелін өлтірмек болған

Атырауда ер адам азаматтық некедегі бұрынғы әйелін өлтіруге оқталған. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні іздеп жатыр.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Оқиға 9 маусымда болған. Күдіктінің қылмыстық әрекеті видеокамераға түсіп қалған.

«Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің бірінің дәлізінде ер адам 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталған. Қазір 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», -деп хабарлады Атырау қаласындағы № 1 полиция бөлімінің бастығы Руслан Байтенов. 

Оның ақпаратына қарағанда, күдікті мен жәбірленуші бұрын азаматтық некеде болып, бірге тұрған.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.