{metadescription}
 Астанада орталық көшелердің бірінің учаскесі жабылады

Астанада орталық көшелердің бірінің учаскесі жабылады

Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін Қабанбай батыр даңғылының бойындағы учаске толығымен жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеуге байланысты осы жылдың 17 маусымы сағат 10:00-ден 18 маусым күні сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. 

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.