{metadescription}
Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топ мүшелері сотталды

Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топ мүшелері сотталды

12 маусымында Қазақстан азаматы мен екі шетелдікке қатысты Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі күшіне енді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

"Олар Қылмыстық кодекстің 264-бабының 1-бөлігі ("Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру"), 286-бабының 4-бөлігі ("Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы контрабанда") және 297-бабының 4-бөлігі ("Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында есірткі өткізу") бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - делінген хабарламада.

Тергеу мен сот барысында күдікті адамдар Қазақстан аумағында есірткі контрабандасы мен тасымалдауды ұйымдастыруға тырысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері екендігі дәлелденген.

"Топқа қатысушылар 2023 жылғы тамызда ҰҚК жедел қызметкерлерімен прокуратура органдарының үйлестіруі және құзыретті органдарымен өзара әрекеттестікте ұсталды.

Тінту барысында олардан 1 келіден астам героин, 2 келі апиын, сондай-ақ 4 атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді", - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.