{metadescription}
Ақмола облысында ресейлік өлі табылды

Ақмола облысында ресейлік өлі табылды

Ақмола облысында жоғалған Ресей азаматы өлі күйінде табылды. Полиция күдіктіні ұстады.

Жоғалған ер адамға қатысты іздеу жарияланғанын волонтерлер әлеуметтік желіге жариялады. Онда Калининград облысының 39 жастағы тұрғыны 2024 жылдың 9 маусымынан бастап, туыстарымен байланысқа шықпай қойғаны айтылады. Ер адам Петропавлдағы туыстарына, содан кейін Щучье қаласына барып, хабарсыз кеткен.
Артынша, жоғалған ер адамның өлтірілгені анықталды.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталып, үстінен «кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу басталған.

«Жедел - іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында қылмыс жасауға қатысы бар адам анықталды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомстводан. 

Осы ретте, тәртіп сақшылары ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жарияламай отыр.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.