{metadescription}
СІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы мәлімет берді

СІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы мәлімет берді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз  мәслихатында Қытайда сотталған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы мәлімет берді.

«Соңғы 6-7 жылда әлеуметтік желіде неше түрлі ақпарат шықты. Біреуін де растаған жоқпыз. Сондықтан оған қатысты ақпаратты растай алмаймын. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Бас прокуратураға хабарлассаңыз болады. Экстрадицияға осы мемлекеттік орган жауап береді», - деді ол.

БАҚ өкілдері Сыртқы істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбаймен соңғы рет қашан байланысқанын сұрады.

«Біз байланыстамыз, жағдайы жақсы», - деді Айбек Смадияров.

Ал «Ол туысқандарымен қанша рет кездеседі», - деген сұраққа: «Оны бізге айтқан жоқ», - деп жауап берді.

Дереккөз: Kazinform    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.