{metadescription}
Атырауда ер адамнан зәбір көріп, ауруханаға түскен әйелдің жағдайы ауыр

Атырауда ер адамнан зәбір көріп, ауруханаға түскен әйелдің жағдайы ауыр

Атырауда өзінен кіші ер адамнан зәбір көріп, ауруханаға түскен әйелдің жағдайы ауыр. Қазір науқастың бір жақ қолы мен аяғында әлсіздік бар.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ер адамнан зәбір көрген әйел 9 маусымда ауруханаға түскен. 

«Облыстық ауруханаға жеткзілген кезде науқастың мойыны мен иығында жарақаты болды. Қазір науқас аурухананың нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Оның жағдайы тұрақты, бірақ, ауыр. Бір жақ қолы мен аяғында әлсіздік бар. Бірақ, дәрігерлердің пікірінше, науқасқа операция қажет емес. Ауруханада тұрақты емін жалғастырады. Дәрігерлер науқастың жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау полициясы азаматтық некедегі әйелін өлтіруге оқталған ер адамды іздеп жатқанын жазған едік. 

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.