{metadescription}
Құқығы бұзылған алматылық тұтынушыларға жыл басынан бері 100 млн теңге қайтарылды

Құқығы бұзылған алматылық тұтынушыларға жыл басынан бері 100 млн теңге қайтарылды

2024 жылдың басынан бері Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрғындардың 4 мыңға жуық өтінішін қараған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР сауда және интеграция министрлігінің Алматы қаласы байынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Абдиев мәлімдеді.

Нұрлан Абдиевтің айтуынша, 2024 жылдың 5 айында департамент азаматтардың 4000-ға жуық өтінішін қарады. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша жоспардан тыс 20 тексеру жүргізілген. Сондай-ақ тұтынушыларға 100 918 331 теңге қайтарылып, 102 әкімшілік жаза қолданылды.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі заңбұзушылық — тұтынушының шағымына 10 күндік күнтізбелік мерзімде жауап бермеу, сауда саласында-әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларына заңнамада белгіленген сауда үстемесін бұзу», - деді Нұрлан Абдиев.

Сондай-ақ спикер 2024 жылдың 5 айында комиссия қызметінің нәтижелері бойынша 17 отырыс өткізілгенін және тиімсіз делдалдар түріндегі заңбұзушылықтардың 202 фактісі анықталғанын атап өтті. Нәтижесінде жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты 186 әкімшілік хаттама жасалған.

Азаматтар заңды құқықтары бұзылған жағдайда Мақатаев көшесі, 45 мекенжайы бойынша «Фемида» қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығына хабарласа алады.

Телефондар: +7 (702-95) 8-49-96, +7 707-308-7474.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде