{metadescription}
Шомылу маусымы басталғалы Ақмола облысында 2 адам суға кетті

Шомылу маусымы басталғалы Ақмола облысында 2 адам суға кетті

Шомылу маусымы басталғаннан бері Ақмола облысында 2 адам суға батып кетті, оның біреуі кәмелеттік жасқа толмаған бала.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, суға шомылу маусымы кезінде болатын төтенше жағдайларды алдын алу бағытында жергілікті ТЖД, ПД және Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бірлесіп, 5 мыңнан астам рейд жүргізді. Алдын алу шарасы барысында алкогольдік ішімдіктерді ішу және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу деректері бойынша 116 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Ал жалпы соңғы үш жылда облыс аумағындағы су айдындарында шомылу маусымы кезінде болған жазатайым оқиғалардың салдарынан 51 адам (оның 19 бала) қаза тапқан.

«Мас күйінде шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, өз күштерін жете бағаламау және жүзе алмау су айдынында адамдардың қаза болуының басты себебі болып отыр», — деді Ақмола облысы ТЖД АҚБ бастығы Жанат Асылбеков.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.