{metadescription}
Жаңбыр, желдің күшеюі - 19 маусымға жасалған күн райы болжамы

Жаңбыр, желдің күшеюі - 19 маусымға жасалған күн райы болжамы

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

ҚР солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР қалған аймақтарына әлі де атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін тигізетін болады - найзағаймен жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, батысында, оңтүстік-шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында қатты ыстық сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде, қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, шығысында, Маңғыстау облысының жағалауында, Жетісу облысының солтүстігінде, Алматы облысының орталығында, жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл,Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстаноблысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.