{metadescription}
Елордада 30 шақты автобустың жүретін жолы өзгерді

Елордада 30 шақты автобустың жүретін жолы өзгерді

City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін еске салды.

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 3, 4, 4А, 15, 15А, 19, 30, 40, 47, 51, 56, 61, 202, 121, 10, 37, 49, 50, 51, 53, 55А, 55, 55Б, 66, 201, 302, 303, 308, 309бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Ауысқан қозғалыс сызбасымен мына сілтемеденқарап таныс бола аласыздар.

Кеше кешкісін Астана әкімдігі сондай-ақ № 2, 7, 12, 13, 26, 36, 46, 50, 53, 54, 64 маршруттар да басқа жолмен жүретінін ескерткен болатын. 

«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде