{metadescription}
Су қоймасына жиналған су егістіктерді суаруға жұмсалады

Су қоймасына жиналған су егістіктерді суаруға жұмсалады

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су қоймаларындағы қазіргі жағдайды баяндады. 

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды. Оның бәрі штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. 

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 97,4%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 99,6%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 88,5%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші — 92,6%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 91%-ға толы.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 88,6%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалануға жіберіледі.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде