{metadescription}
Ерекше қорғалатын аумаққа барғандар кіру ақысынан босатылады — Мәжіліс

Ерекше қорғалатын аумаққа барғандар кіру ақысынан босатылады — Мәжіліс

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем алу тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Бұл құжат Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді және ол жалпы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

«Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақыны алып тастау бөлігінде Салық кодексіне, Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға барған кезде азаматтар бюджетке түсетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін салық және табиғат қорғау мекемелері ұсынатын қызметтер үшін алымдарды төлейді. Қызмет үшін алымдар мекемелердің арнайы есеп-шотына түседі. Қазір ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан туристік нысандардың қызметкерлері саналатын азаматтар бақылау-өткізу пунктінен өткен кезде, әр күн сайын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін салық төлеуге мәжбүр. Көп жағдайда бұл азаматтар жалақысы төмен маусымдық жұмыстарды атқарады. Бұл жағдайға азаматтардың тарапынан белгілі бір наразылықтар бар», — деді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Оның айтуынша, мәселені одан әрі шиеленістірмес үшін, сонымен қатар отандық туристік бизнесті одан әрі дамытуға ыңғайлы жағдай жасау бағытында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін салықты алып тастау ұсынылды.

«Әлемдегі осындай нысандардағы тәжірибені қарасақ, көбіне туристерден салық емес, арнайы рекреациялық алым алынады. Мысалы, АҚШ-та ұлттық парктерге кіргені үшін жаяу адамнан, мотоциклден және көліктен тек белгіленген мөлшерде алым алынады. Ал Ресейдегі „Угра“, „Валдай“ ұлттық парктерінде визит-орталықтарға немесе ақпараттық бөлімшелерге келген келушілерден алым алынбайды, тек қонақ үй, экскурсиялар мен жабдықтарды жалға алу қызметтері үшін төлем алынады.

Салық төлемін алып тастау ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келушілерді көптеп тартуға, экотуризмнің дамуына және азаматтарымыздың экологиялық сауаттылығының артуына ықпал етеді. Сонымен қатар бұл өзгеріс табиғи аумақтарда ғылыми-зерттеулерді жүргізуге де мүмкіндіктерді кеңейтеді, ал ол өз кезегінде биоалуантүрлілік пен экожүйені сақтау үшін маңызды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін салықты алып тастағанмен, бұл аймақтарда туристерге көрсетілетін қызметтер үшін алынатын төлемдердің сақталып қалатынын атап өткім келеді», — деді депутат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.