{metadescription}
Мәжіліс ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады

Мәжіліс ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем алу тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңы мен іліспе құжат екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

Заңдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында талған құжаттар бірінші оқылымда мақұлданған еді.

Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевтың айтуынша, бұл заңдар бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 4 отырысы және Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Депутаттар заңдарға мынадай түзетулер енгізді:

— Орман кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» қолданыстағы заңдарының кейбір нормалары заң жобаларының нормаларына сәйкес келтірілді;

— «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңына «электрондық лотерея билеті» ұғымының енгізілуіне байланысты, Салық Кодексінің 381- бабының редакциясы нақтыланды;

— тұрмыстық аспаптарды немесе тұрмыстық электротехника құралдарын, сондай-ақ, олардың компоненттерін өткізетін өзге де тұлғаларды, яғни дистрибьюторларды қосылған құн салығын төлеуден босату бөлігінде өзгерістер енгізілді.

«Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, аталған тауарлар Қазақстанда өндірліген жағдайда оның өндірушілері мен дилерлері қосылған құн салығынан босатылған болатын. Бұған қоса, заң жобаларының жекелеген нормалары „Құқықтық актілер туралы“ заңының нормаларына сәйкес келтіріліп, депутаттар енгізген қосымша түзетулерді ескере отырып, жобалардың атаулары да өзгертілді. Парламент Мәжілісінің барлық тұрақты комитеттері заңдарға оң қорытындыларын берді. Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Қаржы және бюджет комитеті аталған заңдарды қабылдауды және оларды Парламент Сенатына жіберуді ұсынады», — деді депутат.

Мәжіліс депутаттары аталған құжаттарды қабылдап, Сенат қарауына жолдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.