{metadescription}
6 млн теңге алиментін төлемей қашып жүрген маңғыстаулық Қостанайда қамауға алынды

6 млн теңге алиментін төлемей қашып жүрген маңғыстаулық Қостанайда қамауға алынды

Алимент бойынша оның 6 миллион теңге қарызы болған.

Оған ел аумағында іздеу жарияланып, ақыры баласына берешегін төледі. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасынан хабарланды.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы алимент бойынша 6 млн теңге берешегі бар борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істі сотқа жолдаған, деп жазады kazinform.

Айыпталушы сотқа келуден жалтарған.

Сондықтан, қала прокурорының өтінішімен бұлтартпау шарасы қамаққа алуға өзгертіліп, борышкерге іздеу жарияланды.

— Жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде борышкер Қостанай қаласынан табылып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта алимент бойынша берешегі толық өтелді. Қылмыстық іс қайта қаралу үшін сотқа жолданды, — дейді прокуратурадан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.