{metadescription}
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы сотталды

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы сотталды

Комитет басшысы мен оның сыбайластары 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті. 

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Ауыл шаруашылық министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және оның қарамағындағылар – балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.К. Суықбаев сотталды. Сот үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. 

«Олар 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деп айыпталды», - дейді агенттіктің ресми өкілі. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.