{metadescription}
СҚО-да 20 жастағы жұмысшы топыраққа көміліп қалған

СҚО-да 20 жастағы жұмысшы топыраққа көміліп қалған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында жұмыс істеп жүрген 20 жастағы жігіттің үстіне балшық құлап кетті. Ауыр халде түскен зардап шегушіні дәрігерлер аман алып қалды. 

Оқиға 11 маусым күні болған. СҚО көпбейінді ауруханаға Ақжар аудандық ауруханадан хабарласып, ауыр сырқат түскенін айтқан.

«Әріптестер ер адам бас сүйек-ми жарақатын алуы мүмкін, кеудесі қысылған, мидың гипоксиясы тіркелгендігін айтты. Өндірістік жарақат, яғни жігіттің үстіне балшық құлап кеткен, салдарынан ол бір уақыт топырақ астында жатып қалған. Бірден аудандық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді. Реаниматологқа кеңес бердім, қандай ем-дом жүргізу керектігін айттым, өйткені сол уақытта сырқаттың жағдайы оны жедел түрде облыс орталығына жеткізуге мүмкіндік бермеді. Сол себепті аудандық ауруханада жігіт өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Ал екінші күні жағдайы тұрақталғаннан кейін сан авиация арқылы облыстық ауруханаға жеткізілді», - дейді СҚО-ның штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологі Сергей Ишин.

Облыстық ауруханаға жеткізілген кезде полижарақат алған сырқаттың жағдайы ауыр болған. 

«Консилиум құрылып, барлық қажетті зерттеу, соның ішінде толық КТ жасалды. Тексеріс бас-ми жарақатын көрсетпеді, алайда қабырғалары сынып, кеуде қуысына зақым келген, екі жақты пневмония диагнозын қойдық. Сырқат алты тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі уақытта есін жиды, өздігінен дем алып жатыр. Бүгін пульмонология бөліміне ауыстырдық», - дейді Сергей Ишин.

СҚО полиция департаменті қазіргі уақытта осы фактіге қатысты тергеп-тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. 

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.