{metadescription}
Қор нарығында доллар тағы да қымбаттады

Қор нарығында доллар тағы да қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,97 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 464,72 теңге.

Ұлттық банктің 21 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 459,60 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,38 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 462,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 464,3 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 462 теңге, сатып алу құны – 467 теңге.

Ресей рублі 5,05 - 5,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде