{metadescription}
Астанада әйел екі жасар сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді

Астанада әйел екі жасар сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желіде елордада бала күтушінің екі жасар сәбиді өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Бала тұншығып көз жұмды деп болжанып отыр.

Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Kazinform тілшісіне осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды деп жауап берді. Алайда бала күтуші туралы ақпаратты нақтылаған жоқ.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әйел ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Kazinform    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.