{metadescription}
Республика бойынша жел күшейіп, 6 өңірде күн қатты ысиды

Республика бойынша жел күшейіп, 6 өңірде күн қатты ысиды

«Қазгидромет» РМК-сы маусымның 22-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым бөлігінде күн әлі де құбылып тұрады, атмосфералық ағындардың өтуіне орай жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз елдің батысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауады, батыста, солтүстікте бұршақ жауады, сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде. Тек шығыста, орталықта күн жауын-шашынсыз болады.

Күндіз Абай, Жетісу, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының батысында, орталығында қатты ыстық болады.

Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.