Тоқаев пен Путин терроризммен күресті күшейтуге дайын
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин терроризммен күресті күшейтуге дайын екендіктерін білдірді.
Фото: Ақорда
17:34 24.06.2024
Мемлекеттер басшыларының телефон арқылы не туралы әңгімелескенін Керемльдің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады ресейлік ТАСС.
«Екі тарап та терроризммен күресті күшейтуге дайын екендіктерін жеткізді», - делінген РФ президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен болған әңгіме барысында Дагестанда болған терактіге байланысты Ресей басшысына көңіл айтып, Севастопольге жасалған соққыны айыптады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!