{metadescription}
Аптап ыстыққа байланысты жұмыс күні қысқартылды

Аптап ыстыққа байланысты жұмыс күні қысқартылды

Бухарест қаласында аптап ыстықтан көптеген ұйым, компания қызметкерлерінің жұмыс уақыты қысқарып, жұмысшылар үйлеріне ерте қайтып жатыр. Бұл туралы Euronews жазды. 

Қолайсыз ауа райынан қаладағы мейрамханалар мен кафеде жұмыс істейтін қызметкерлер зардап шегуде. 

«Ауа температурасы 50 градус болуы әбден мүмкін, өлшеп көрген жоқпын. Соған қарамастан кезектесіп жұмыс істеудеміз. Біз бұл ыстыққа төтеп бере аламыз», - деді бас аспаз Юстиан Манеа.

Ми қайнатар ыстық кезінде жедел жәрдем шақырушылар саны артқан. Айталық, дүйсенбінің өзінде 1 300-ден астам адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Метеорологтар Бухарест қаласындағы қатты ыстық ауа райы кем дегенде екі күнге созылады деп болжам жасады. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.