Қазақстан мен Конго дипломатиялық паспорт иелерін виза талаптарынан босатпақ
Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо арасындағы келіссөздерден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды.
Фото: akorda.kz
14:51 02.08.2024
Атап айтқанда Конго Президентінің ресми сапары аясында мынадай құжаттар рәсімделді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Конго Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорт иелерін виза талаптарынан өзара босату туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Конго Республикасының Сыртқы істер, франкофония және шет елдердегі конголықтардың істері жөніндегі министрлігі арасындағы саяси консультациялар туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Конго Республикасының Пошта, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электронды үкімет қызметтері, ғарыш және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Конго Республикасының Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі арасындағы тау-кен өнеркәсібі және геология саласындағы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Конго Республикасының Энергетика және гидроэнергетика министрлігі арасындағы электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
6. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Конго Республикасының Экономика және қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
7. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Natinal Petroieum Company of the Republic of Congo» арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
8. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
10. «MSPP GL» ЖШС мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!