Алматыда 4 жастағы қыз 15-қабаттан құлап, мерт болды
Алматыда 4 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің 15 қабатындағы терезеден құлап, қайтыс болды.
21:00 02.08.2024
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін Алматы қаласының Алатау ауданында болды. Алматы қалалық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
«Аталған дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп атап Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!