Доллар бағасы қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
16:57 05.08.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,55 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 477,15 теңге.
Ұлттық банктің 5 тамыздағы ресми бағамы — 1 долларға 474,57 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,53 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 476,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 478 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 475 теңге, сатып алу құны — 479 теңге.
Ресей рублі 5,42 — 5,57 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!