Елордада бір жасар бала терезеден құлап кетті
Елордада бір жасар бүлдіршін терезеден құлап, ауруханаға жеткізілді.
20:05 05.08.2024
«Бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады. Оқыс оқиға бүгін Астана қаласының Алматы ауданында болды. Түрлі жарақаттар алған сәби (ұл) ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Осы орайда ТЖМ ескертеді:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Терезеге арналған торлар құлаудан қорғамайды;
- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!