{metadescription}
Аса ірі көлемдегі есірткінің заңсыз айналымы үшін іздеуде жүрген адам Армениядан экстрадицияланды

Аса ірі көлемдегі есірткінің заңсыз айналымы үшін іздеуде жүрген адам Армениядан экстрадицияланды

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы және ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса iрi мөлшердегі психотроптық заттардың, сондай-ақ сол тектестердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапқа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін қостанайлық полицейлер альфа-ПВП психотроптық затының және сол тектес мефедронның заңсыз айналымына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні әшкереледі.

Алайда оған қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалуына байланысты ол тергеуден жасырынғандықтан, халықаралық іздеуге жарияланған.

Өткен жылдың қыркүйек айында аталған адам Ереванда ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

«Аталған қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған»,-делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.