{metadescription}
Жапония премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

Жапония премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида жұмаға жоспарланған Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолияға төрт күндік сапарын тоқтату мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады Kyodo News.

Бұл шешім Жапонияның метеорологиялық агенттігі Нанкай аймағында жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескерткеннен кейін қабылданған. Жапонияның метеорологиялық агенттігі бейсенбі күні елдің оңтүстік-батысында болған 7,1 балдық жер сілкінісінен кейін бірнеше сағат өткен соң алғаш рет ескерту жасады.

Агенттік мәліметінше, Тынық мұхитының оңтүстік-батысынан орталық Жапонияға дейінгі аумақтарды қамтитын үлкен жер сілкінісі қаупі артқан.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде