{metadescription}
Ақтөбеде 8 адамның өлімінен соң жүк көлігінің жүргізушісі екі айға қамалды

Ақтөбеде 8 адамның өлімінен соң жүк көлігінің жүргізушісі екі айға қамалды

Хромтау аудандық соты жүк көлігінің жүргізушісін екі ай қамауда ұстау туралы қаулы шығарды. Жүргізуші Беларусь елінің азаматы.

Бүгін Хромтау аудандық сотының тергеу судьясы жүк көлігінің жүргізушісіне қаулы шығарды.

«ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілген азамат С.-ға қатысты тергеу органдарының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөніндегі өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот тергеу уақытында екі ай мерзіміне, яғни, 7 қазанға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 7 тамыз күні Самара-Шымкент тасжолында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан 8 адам көз жұмды. Ішінде Маңғыстау облысындағы турнирге бара жатқан балалар мен ата-ана әрі жаттықтырушы болған.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде