{metadescription}
Алматыда сел қаупінің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

Алматыда сел қаупінің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

Алматы тауларында сел қаупі жоғары. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпау керектігін ескертті.

10 тамыз – 12 тамыз аралығында жаңбыр жауып, өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі. Алматы қаласында және оған іргелес таулы аймақта су тасқыны болуы мүмкін.

«Қатты жауын-шашынға байланысты сел қаупінің «қызғылт сары деңгейі» жарияланды», - деп ескертті департамент өкілдері.

Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың күшейтілген режиміне ауыстырылды.

Сел қаупі бар жерде не істеу керек:

- таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;
- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
- сел қаупі бар каналдардың жанында, көпірлерде (бөгеттерде) және олардың астында шатыр тікпеу, аялдамау.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде