{metadescription}
Қазақстан спортшыларының 10 тамыздағы жарыс кестесі

Қазақстан спортшыларының 10 тамыздағы жарыс кестесі

Париж Олимпиадасында 10 тамыз, сенбі күні қазақстандық олимпиадашылар спорттың төрт түрінен — еркін күрес, брейкинг, қазіргі бессайыс және велотректен бақ сынайды.

Алдымен 14:00–де еркін күрестен 97 келі салмақта Әлішер Ерғали ел намысын қорғайды. Ол бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен белдеседі.

Еркін күрестен жартылай финал 21:15–ке жоспарланған. 

Ал 16:30–да қазіргі бессайыстан Елена Потапенко сынға түседі.

19:35–те брейк-данстан жарыс басталады. Онда Әмір Зәкіров ел намысын қорғайды.

Финал Астана уақытмен 00:29–ға жоспарланған

Ол D тобында сынға түседі. Отандасымыз Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен танымал спортшылармен шеберлік байқасады.

20:19–да велотректен ел намысын Андрей Чугай қорғайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде