Алматыда «Onay» жүйесі істен шықты
Алматыда қоғамдық көліктерде «Onay» төлем жүйесі жұмыс істемей қалды.
Фото: Алматы әкімдігі
16:52 10.08.2024
«DDOS шабуылына байланысты кейбір пайдаланушылар мобильді қосымшалардың кейбір қызметтеріне, көлік карталарын толтыруға және QR арқылы төлеуге шектеулер болуы мүмкін», - деп хабарлады Алматы көлік холдингінінен.
Қоғамдық көліктерде орналасқан «Onay» төлем құрылғысы жұмыс істеп тұр. Жол жүру ақысын көлік карталары, SMS және Оnay мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.
«Мамандар мәселені шешіп жатыр.Келтірілген жайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - деп атап өтті компаниядан.
Кейін Алматы көлік холдингі кемшіліктер жойылғанын мәлімдеді.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!