Алматы облысында ер адам таудағы өзенге батып кетті
Алматы облысында ер адам ағысы қатты таудағы өзенге батып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ жедел-құтқару отряды хабарлады.
Фото: ТЖМ
17:28 11.08.2024
«Жедел-құтқару отряды марқұмның денесін суға түскен жерінен 1 км қашықтықтан тапты. Денесі шығарылды. Полиция қызметкерлеріне табысталды», — делінген хабарламада.
Мәлім болғандай, Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында 1961 жылы туған азамат отбасы сондай-ақ достарымен бірге демалып жүрген. Суға түсіп, сергігісі келген азаматты өзеннің қатты ағысы алып кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!