{metadescription}
Атырау соты алаяқтарға алданған 220 үлескердің талабын қанағаттандырды

Атырау соты алаяқтарға алданған 220 үлескердің талабын қанағаттандырды

Атырауда екі азамат 2020 жылы «Жібек Жолы Атырау» және «Ақмаржан-Атырау» тұрғын үй-құрылыс кооперативін құрып, үлескерлерді тартқан.

Жоғарғы соттың мәліметінше, тұрғын үй-құрылыс кооперативі 2020-2021 жылдары Атырауда «Ақмаржан» және «Жібек Жолы» тұрғын үй кешендерін салу үшін 220 адамды үлескер ретінде тартқан. Сөйтіп, үлескерлер 2 млрд теңге қаржы салып, тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысу шарттарын жасасқан. 

«Шарттарда құрылысты аяқтау, тұрғын үй кешенін пайдалануға беру мерзімі 2021 жылдың қазан және желтоқсан айы деп көрсетілген. Алайда, жауапкерлер аталған мерзімде құрылысты аяқтамаған. Қозғалған қылмыстық іс аясында сол пәтерлер түрлі адамдарға бірнеше рет сатылғаны белгілі болған. 2023 жылы тұрғын үй-құрылыс кооперативінің құрылтайшылары алаяқтық әрекеттері және алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіргені үшін (Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 195-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы) 6 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. 

Алаяқтарға алданған 220 үлескер Атырау қалалық сотына талап арызбен жүгінді. Талап арызда екі тұрғын үй-құрылысы кооперативіне және олардың құрылтайшыларына олармен жасалған шарттарды бұзу, аяқталмаған құрылыс объектілерінен өндіріп алынған ақшалай қаражатты өздері құрған тұрғын үй-құрылыс кооперативі 3-ке беруді сұраған. 

«Үлескерлер талап арызда жауапкерлердің шарттардың талаптарын бұзғанын, төлемді алғаннан кейін үйлердің құрылысын аяқтамағанын, талап қоюшыларға пәтерлерді бермегенін атап көрсетті. Атырау қалалық соты 220 талап қоюшының талаптарын негізді деп есептеп, толық көлемде қанағаттандырды», - деп мәлім етті Жоғарғы соттан. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулықтар 3 жылда үй құрылысына 5 млрд теңгеге жуық ақша салып, алданып қалғанын жазған едік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде