{metadescription}
Ақтауда жұрттан алаяқтық жолмен 2,8 млрд теңге жинаған әйелдер сотталды

Ақтауда жұрттан алаяқтық жолмен 2,8 млрд теңге жинаған әйелдер сотталды

Ақтауда тұрғындардан алаяқтық жолмен миллиардтаған қаражат жинаған әйелдер сотталды. Бірі — 9 жыл 8 айға, екіншісі — 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Алаяқтық оқиға 2021-2023 жылдары болған. Екі әйел «Whats App» желісінде 25-топ ашып, адамдарды топқа тіркелуге шақырып, онда төмен бағада ыдыс-аяқтар мен тұрмыстық техникалардың сатылатынын жарнамалап, сол арқылы жәбірленушілерден тауар алуға түскен ақшаларды иемденіп, өз қажеттілігіне жұмсаған.

Сондай-ақ, олар қылмыстық жолмен иемденген ақшаларды заңдастыру мақсатында, жылжымайтын және жылжымалы мүліктерге сату, сатып-алу келісімшарттарын жасаған.

Олардың қылмыстық іс-әрекеттері салдарынан 294 жәбірленушіге 2,8 миллиард теңгеден астам материалдық шығын келді.

Сотта екі әйелдің де кінәсі жәбірленушілерден жауап алу хаттамаларымен, ақша аударымдарымен және істегі басқа да дәлелдермен дәлелденген.

Сондықтан А. ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен, 218-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, түпкілікті мүлкі тәркіленіп, 9 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Ал, Б. ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен 6 жыл 8 ай мерзімге сотталды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде