Доллар 2, 20 теңгеге арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
16:05 06.09.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2, 20 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 480, 55 теңге.
Ұлттық банктің 6 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 482, 94 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5, 35теңге.
Еуро – 535, 97.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 479,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 481 теңге. Еуро 532 – 535 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны – 483 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,25 – 5,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!