Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті
Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Фото: Видео кадры
18:37 07.09.2024
Құтқарушылар мәліметінше, бүгін, 7 қыркүйекте күндіз сағат 12:01-де Мұнайлы ауданындағы "Әйгерім" мейрамханасының маңындағы жолда қоқыс таситын көліктен өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12:09-да жетті.
Өрт сөндірушілер келгенше 120 литрлік газ баллоны жарылған. Салдарынан жарылыс толқынынан әйнек сынып, 20 метр жерде орналасқан "Ақ жол" азық-түлік дүкенінің баннеріне зақым келген.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік толығымен өртеніп кетті.
Өрт сағат 12:19-да сөндірілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!