Еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет РМК ертең еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады.
Фото: Pixabay
08:05 08.09.2024
8 қыркүйекте Ұлытау облысының біраз бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, шығысында өрт қаупі жоғары.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыс жел, шығыс екпіні 15-20 м/с деп күтілуде. Қонаев қаласында 8 қыркүйек солтүстік-шығыс, шығыс жел күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ақмола облысыныңбатысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Жетісу облысында солтүстік-шығыс жел Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтілуде. Солтүстік жел күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында да өрт қаупі жоғары. Қызылорда қаласында 8 қыркүйек күні түстен кейін найзағай, дауыл күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында найзағай, өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс жел күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с. Облыстың көп бөлігінде төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында 8 қыркүйекте төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 8 қыркүйекте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыс күндіз екпіні 15-20 м/с (5-сынып) өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 8 қыркүйекте өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус аяз сақталады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыс, батыс күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с Петропавл қаласында 8 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыс, батыс күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!